ІНДЕТПЕН КҮРЕС – МІНДЕТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА COVID – 19 ІНДЕТІН АЛДЫН АЛУДЫҢ 10 НАҚТЫ БАҒЫТЫ БЕЛГІЛЕНДІ

30 мар 10:52

Алматы облысында Covid – 19 індетін жұқтырған адамдардың саны төртке жетті. Оның екеуі Қарасай, біреуі Жамбыл және бірі Іле аудандарының тұрғындары. Қазіргі таңда науқастардың барлығы да Қарасай аудандық жұқпалы  аурулар ауруханасында жатыр. Жағдайлары қалыпты. Сонымен қатар, 531 адам медицина қызметкерлерінің бақылауында. Стационарлық емделуде – 157, үй карантинінде 374 адам жатыр. Ал, өңірде індеттің таралуына жол бермеу үшін сақтық шаралары күшейтілді. Облыс әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасымен 10 нақты бағыт белгіленді. Аудан-қалаларда дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аймақта тәжді індетке шалдыққандарды емдеу үшін 150 жұқпалы ауруға арналған төсек, 800  провизорлық және 1217 карантиндік төсек-орын дайындалған. Дәрігерлер мен емделіп жатқан науқастар барлық қажетті құрал мен дәрілік препаратпен қамтамасыз етілген. Қатерлі індеттің таралу қаупіне байланысты Алматы облысының медициналық мекемелері жоғары дайындық режимінде жұмыс істейді. Өңір аумағында 20 санитарлық бекет қойылған. Оның 16-ы оңтүстік өңірлерде. Ал, Талдықорған қаласына кіреберісте 4 бекет қойылды.



ДРУГИЕ НОВОСТИ ОБЩЕСТВА