ТАҒЫ КАРАНТИН

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН БЕЛГІСІЗ МЕРЗІМГЕ ҰЗАРТЫЛУДА

20 мая 16:15

Шымкентте жұмсарту карантин режимін белгісіз мерзімге кейінге шегерілді. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр, арнайы өткізілген брифингте хабарлады. Қалада коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 404 жағдайы тіркелген. Ауырғандар санының өсуі, ең алдымен, ірі кәсіпорындарда өткізілген тестілеуге байланысты.Шымкент мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің скриннингі нәтижесінде  көптеген сырқаттанғандар анықталды.

Қоғамдық тамақтану нысандары бұрынғысынша жеткізу режимінде жұмыс істейтін болады. Мешіттер мен шіркеулер әзірше ашылмайды. Сондай-ақ  жүк көліктері мен белігі санаттағы адамдардан басқаларға қалаға кіріп шығуға болмайды. Қаланың бас санитарлық дәрігері мегаполис тұрғындарын бетперде тағып жүруге және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырды.



ДРУГИЕ НОВОСТИ ОБЩЕСТВА