МЕРЕКЕЛІК ТАРТУ

ШАМАЛҒАН АУЫЛЫНДА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

07 июл 16:24

"Ана - Нұры". Бұл Шамалғанда ашылған орталық саябақтың атауы. Жетісулықтардың Елорда күніне тартуы. Салтанатты рәсім карантин талаптарына сай өтті.​ Жоба,​ " Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асты. Ауылда 21 мың халык бар, мұндай заманауи жасыл аумақты ауыл тұрғындарының армандағанына көп болған.

Саябақ жанға дауа, бойға сая сыйлар Шамалған өзені бойында орналасқан. Аумағы -1,5 гектар. Бір мезетте 150-200 адамның серуендеуіне, сергуіне мүмкіндік бар. Ауыл көркіне шырай үстеп, көк желегімен көз қуантып тұрғаны өз алдына... Көктем шыққалы көңілсіз жүрген жұрт бір жадырап қалды.