ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ЭКОТУРИЗМ ДАМЫП КЕЛЕДІ

12 авг 12:14

Қостанай облысында экологиялық туризм жылдан жылға қарқын алуда.Тұмса табиғаттың кереметін сезінгісі келетін саяхатшылар Наурызым қорығына ат басын бұрады.Ол Қостанайдың оңтүстүңігінде 190 шақырым қашықтықта Торғай үстіртінде  орналасқан. Саяхатшыларға 6 бағдар мен сүрлеу жасалған.  Жабайы табиғаттың адам аяғы баспаған жерлері Қараменді елді мекенінен басталады.