ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ

ЕЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР І ТОҚСАНДА ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛАДЫ

08 сен 16:14

Гүлмира Әубәкірова 30 жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Осы уақыт аралығында оның сыныбынан талай шәкірт түлеп ұшты. Коронавирусқа байланысты биыл көктемде алғаш рет қашықтан білім беру форматына көшті. Әу баста қиналғанымен қазір онлайн-сабақ өтудің қыр-сырын меңгеріп алған. Айтуынша, қашықтан оқығанда балалар білім бағдарламасынан қалмайды. Оның қабілетіне қарай жеке жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Десе де жазу, сызуды үйреткенде қиындық туындайды.

Тың технологияны қолданып, қашықтан білім беру үшін мұғалімдер арнайы дайындық курстан өтті. Білім және ғылым министрлігінің мамандары мектеп мұғалімдеріне «Bilimland», «Дарын- онлайн», «Google classroom» платформаларында жұмыс істеуді үйреткен.



ДРУГИЕ НОВОСТИ КУЛЬТУРЫ