МИНИСТРДІҢ ИНСПЕКЦИЯСЫ

НҰРЛАН ЕРМЕКБАЕВҚА ОҚУ-СҮҢГУІР ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАЛДЫ

11 сен 12:15

Маңғыстау облысында суңгуірлерді даярлау орталығы, әскери госпиталь салынады.  Сондай –ақ өңірде әскери әуеайлақты  қайта жөндеу жүмыстары да қарқын алмақ. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа Әскери-теңіз  кұштерінің мамандырылған орталық салу жобасы туралы баяндалды.

Аталмыш орталықты құру -  жеңіл сүңгуір жауынгер жүзушілер,
парашюттік –десанттық даярлық, су асты инженерлік жұмыстарға және шағын көлемді кемелерді жүргізу жөніндегі мамандарды жыл бойы оқыту курстарынан өткізуге мүмкіндік береді. Ақтау гарнизонында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін, қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында әскери госпиталь салу жоспарлануда. Бұл туралы қорғаныс ведомствосының басшысына хабарланды.



ДРУГИЕ НОВОСТИ ПОЛИТИКИ