ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІКТЕР

ЕЛОРДАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕР БЕРІЛДІ

23 сен 14:09

Жыл басынан бері елордада жедел жәрдем көліктерінің саны екі есеге көбейді. Бүгін шаһар басшысы дәрігерлерге тағы 14 жаңа көліктің кілтін табыстады. Бұл - ақ халаттылардың жаны қиналған науқасқа жедел жетуіне мүмкіндік береді. Әсіресе карантин кезінде тұрғындар жедел жәрдем тапшылығын сезінбеуі керек. Ауру өршіген тұста дәл осы мекемеге тәулігіне 3 мыңдай шақырту түскен.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне де жаңа қызметтік көлік берілді. Мұны президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тапсырған еді. Нәтижесінде тәртіп сақшыларының автопаркі 65 жаңа көлікпен толысты.