ПАЙДАЛЫ НОУТБУК

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ОҚУҒА ҚАЖЕТТІ КОМПЬЮТЕРЛЕРДІ АЛДЫ

23 сен 14:56

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы ауыл оқушылары қашықтықтан оқыту кезінде компьютерлерсіз қалмайды. Аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін мектептер ноутбуктерді уақытша пайдалануға берді. Ауданда барлығы 341 оқушы заманауи гаджеттерді алды. Жергілікті бюджеттен мыңдаған ноутбук сатып алуға 180 миллион теңге бөлінді.

Бауыржан Көшекбаев- көпбалалы отбасындағы алты баланың бірі. Бұрын жетінші сынып оқушысы үй тапсырмасын орындау немесе сабақты тыңдау үшін ұялы телефонды қолдануға мәжбүр болды. Бұл белгілі бір қолайсыздықтарды тудырды -  экраны тым кішкентай тіпті мұғалімді көру қиын болды.  Енді толық білім алу үшін оған қажеттінің бәрі бар.