ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020

САНДЫҚТАУ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАР ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

25 сен 13:59

Сандықтау ауданында мәдениет үйлері, бала-бақша, мектептермен ауруханалар жаңғыртылды. Күрделі жөндеу жұмыстарына 608 млн 247 мың тенге жұмсалды. Бұл қаржылар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында бөлінді.

Күрделі жөндеу жұмыстарымен барлық әлеуметтік нысандар қамтылды. Мәселен аудандық аурухана. Бұл жерде 22 мыңдай тұрғынға қызмет көрсетіледі. Қазір жөндеу жұмыстары толыққанды жүргізіліп жатыр.