ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ

МАКИНСКІДЕ ЕКІ МОДУЛЬДІК ҚАЗАНДЫҚ САЛЫНДЫ

28 сен 14:21

Макинскіде екі жаңа блок-модульдік қазандық салынды. Олардың бірінің іске қосылуымен келесі жылы қаланың орталық шағын аудандары жылумен қамтамасыз етіледі. Бірінші кезекте көпқабатты үйлер қосылады. Қазір қала тұрғындары ғимараттарды жылу беруге дайындау үшін техпаспорттарын әзірлеуде. Ұзындығы 2 шақырым 200 метр жылу трассасын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама жасалып, мердігерді анықтауға конкурс жарияланды.