ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН

ҚОСТАНАЙДЫҢ СҮТ ӨНІМДЕРІ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛАДЫ

13 окт 11:13

Қостанай облысында өндірілген сүт өнімдері Қытайға жеткізіледі. Рудный қаласындағы зауыт көрші елге экспорттаушы кәсіпорындар тізіміне енгізілді. Химиясыз және генетикалық модифицияланған ағзасыз табиғи тауарлар тек Қазақстан нарығында ғана емес Мәскеудегі халықаралық көрмелерде бірнеше рет алтын медальдармен атап өтілді. Енді сүт өнімдерінің сапасы Қытайда да жоғары бағаға алатыны анық.