Өрттін алдын алу

Волонтерлер пешті дұрыс пайдалану тәртібін түсіндірді

15 окт 10:35

Елордада өрттін алдын алу мақсатында жүргізілген түсіндіру жұмыстарына волентерлер қатысып жатыр. Қоғам өміріне бей-жай қарамайтын жастар, тұрғындарға қауіпсіздік ережесі жазылған үнпарақ таратып, өрт шыққанда көмек көрсету тәсілдерін айтты. Көбіне өртке электр желілерінен шыққан ақау мен пешті дұрыс пайдаланбау және қауіпсіздік техникасын сақтамау себеп болады. Былтырғы жылу маусымында ел бойынша 5 мыңнан астам өрт тіркелген. 222 адам көз жұмған.