ҚОСТАНАЙЛЫҚ АВТОӨНЕРКӘСІП КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС КҮЗЕТІНДЕ

Қостанайлық автоөнеркәсіп коронавируспен күрес күзетінде! Өңір үшін бұл бағыттағы драйвер "СарыарқаАвтоПром"зауыты болып табылады. Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда тек медициналық қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар арнайы техника автопаркіне деген қажеттілік күрт өсті. Осы жылдың соңына дейін Қостанай зауытынан JAC Sunray базасында 400-ден астам медициналық жедел жәрдем автокөлігі шығады.

23 окт 11:06

Бұл Қостанай автоөнеркәсібінің қысқа мерзімде техника жеткізудегі алғашқы тәжірибесі емес. Автомобильдердің үлкен көлемін өндіру жөніндегі автозауыттың құзыреттері мен технологиялары пандемия кезінде ChevroletDamas  базасында жедел жәрдем автомобильдерінің 200 бірлігін дайындауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар Қостанайдағы зауытта наурыз айында тағы бір ерекше көлік-Labo өндірісі басталды. Бұл шағын жүк көлігі 500 кг астам салмақты көтере алады және санитарлық тазарту жұмыстарына көмектесу үшін, дезинфекциялау және зарарсыздандыру жүйесімен жабдықталған.

Бүгінгі таңда 100 бірлік жылжымалы диагностикалық медициналық кешендер дайындалуда. Диагностикалық медициналық кешен 12 метірлік  Yutong  автобусының базасында жасалған. Медициналық кешен жалпы қабылдау, практикалық дәрігерлер аумағы, анализдер қабылдау, аптекалық пункт, функционалды диагностика кабинеттері, аукшер-гинеколог пен сәулелі диагностика жасайтын 7 кабинеттен тұрады. Шалғайдағы елді мекендерде сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді,  тексерулер де қол жетімді және ыңғайлы  болады.

Қостанай облысы негізінен машина жасау саласының арқасында әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары өсу қарқынын көрсетіп келеді. Осы жылы пандемияға қарамастан, 9 ай ішінде 26 092 техника өндірілді, бұл өткен жылдардың барлық көрсеткіштерінен асып түсті.