МҰНАЙШЫЛАР ҚАЛАСЫ

ЖАҢАӨЗЕН 52 - ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУДЕ

23 окт 12:47

Бұрынғы жұмысшылар кенті қарқынды дамыған қалаға айналды.Жаңаөзен 52 жылдығын атап өтуде. Жарты ғасырда біраз жұмыстар атқарылған. Соңғы бес жылда мұнайшылар қаласы дамудың даңғыл жолына түсті.Сәуле Қожанипесова Жаңаөзеннің құрдасы.Ол бұл жерде перзентхана ашылмай тұрған кезде, кентегі барактардың бірінде дүниеге келген.  Сәуленің ата-анасы мұнайшы болған. Балалық шағындағы үнемі су жоқ вагондар, шаң тозаңнын арасында тұрған адамдардың көрінісі әлі күнге дейін көз алдында.