БҮГІНГІ МЕДИЦИНА

ЖАҢАӨЗЕННІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

26 окт 12:13

Биыл Жаңаөзен қаласының барлық медициналық мекемелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді: біреуінде - күрделі, екіншісінде – ағымдағы.

Сонымен қатар, бірнеше жаңа бөлімшелер мен зертханалар ашылып, қымбат заманауи жабдықтар сатып алынды. Қаланың наркология бөлімшесіндегі кабинеттер де жаңартылды, қазір мұнда 30 төсекке арналған оңалту бөлімшесін ашу жоспарланып отыр. Ал бұл ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, аумақ кеңейтілгеннен кейін жақын арада мұнайшылар қаласының жедел жәрдем қызметкерлері кіреді. Оны жыл соңында тапсыру керек. Осының барлығы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы мен қала құраушы мұнай-газ өндіру кәсіпорнының демеушілігімен мүмкін болды