АҚМОЛАЛЫҚТАРҒА АРНАЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ

КӨКШЕТАУДА ЖАҢА КІРПІШ ЗАУЫТЫ САЛЫНУДА

26 окт 12:15

Ақмола облысы құрылыс қарқынын арттыруда. Жыл басынан бері өңірде 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға көп. Құрылыс материалдарының негізгі жеткізушісі – Көкшетаудағы зауыт. Мұнда жылына 60 миллион дана шартты кірпіш шығарылады. Пандемияға қарамастан, жұмыс тоқтаған емес. Сонымен қатар, өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында - жаңа цех салынуда.