ЗАМАНАУИ АВТОПАРК

КӨКШЕТАУ КӨШЕЛЕРІНДЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР ҚАТЫНАЙДЫ

02 дек 14:15

Көкшетауда автобус паркі жаңартылуда. Бұл жолы тасымалдаушы компания 30 заманауи автобус алды. Олардың оны жолаушыларды қала маңындағыа – Красный Яр ауылы мен Нұрлы көш кентіне тасымалдайтын болады. Автобустар ыңғайлы және кең – бір уақытта 90 адамға дейін тасымалдай алады. Ал экологиялық тұрғыдан таза және жылы. Пандемия кезіндегі ең маңыздысы-әрқайсысында төрт кварцты шам орнатылған.