Жастар байқауы

Атырауда инновациялық жобалар байқауы өтті

11 окт 13:15
Жастар байқауы

Атырау облысында Atyrau youth hackathon инновациялық жобалар байқауы өтті. Жастардың идеясын қолдап, оны іске асыруға көмектесуді мақсат еткен сайысқа 70-тен аса жас қатысты. Барлығы  «PR және медиа», «экология және әлеуметтік кәсіпкерлік»,   «IT және цифрлық технология» бағыттары бойынша бөлініп, менторлардан дәріс алды. 2019 жылы өткізілген бұл байқау былтыр карантиндік шектеулерге байланысты ұйымдастырылған жоқ. Ал биылғы жарыста жастар қоғамға пайдасы бар жобаларды ұсынды дейді ұйымдастырушылар.