ЖОСПАРЛАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАУ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ ҰЛҒАЙТЫЛАДЫ

05 ноя 13:26

Шымкент қаласының бюджеті ұлғайтылатын болады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықтағы брифингте хабарлады. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр алдағы екі жылға арналған мегаполис бюджетін жүзеге асырумен таныстырды.

Үшінші мегаполис басшысының орынбасары жас мамандарға тұрғын үй салуға алты жарым миллиард теңге жұмсауды жоспарлап отырғанын атап өтті. Олар үшін 904 пәтер бөлінеді. Сондай-ақ, бюджет есебінен 3578 пәтерлік 59 жалгерлік және несиелік үйлердің құрылысы жүргізілуде. 27 тұрғын үй аяқталу сатысында. Бұдан басқа, жеке инвесторлар есебінен 26 коммерциялық тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілетін болады. Инфрақұрылым құрылысы: жарық, газ және су өткізу жөніндегі жұмыстар күшейтіледі.   

 



ДРУГИЕ НОВОСТИ ОБЩЕСТВА