«ЖАЛЫН» ЖУРНАЛЫНА 50 ЖЫЛ

ӘДЕБИ-КӨРКЕМДІК АЛЬМАНАХТЫҢ АЛҒАШҚЫ САНЫ 1969 ЖЫЛЫ ШЫҚТЫ

15 ноя 12:06

«Жалын» журналы алтын мерейтойын тойлап жатыр. Осыдан жарты ғасыр бұрын басылымның алғашқы саны шықты. Ол кезде басылым әдеби-көркем альманах болып аталды. Ол бірден жастардың қызығып оқитын журналына айналды.Өйткені басылым жас дарындардың өлеңдері,әңгімелері очерктері мен повестерін жарыққа шығарды. Жарты ғасырға жуық уақытта баспасөз басылымы жас дарынды ақын жазушыларды қолдап әдеби альманахта шығармаларын жариялады.Жалын журналы әдебиетке аяқ басқан жастардың мектебі болды.Альманах поэзия,проза,әдеби сын,мәдениет пен очеркке арналған бес айдардан тұрды. Бүгінде басылым жүиелі түрде танымал әдебиетшілер мен әлемдік әдебиеттің классикалық шығармаларын жариялап отырады.Сондай ақ елдегі мәдени шаралар мен экологиялық және әлеуметтік мәселелерді көтереді.



ДРУГИЕ НОВОСТИ ОБЩЕСТВА