ӨЗ ҮЙІМ – ӨЛЕҢ ТӨСЕГІМ
108 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕР АЛДЫ
"Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша "Әуежай"шағын ауданында 108 отбасына жаңа пәтердің кілттері табыс етілді. Нөмірі 30-шы пәтерде бүгін кешке терезелерде жарық жанып, балалардың күлкісі естіледі. Мұнда бүгін қоныс тойы. Жаңа үйге қолы жеткен көршілер бір-бірімен танысу үстінде. Енді олар Тұңғыш Президент күні қарсаңында ортақ мерекені бірге атап өтетін болады.