109 БАЙЛАНЫС-ОРТАЛЫҒЫ

АҚТАУДА 109 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

02 авг 12:27
109 БАЙЛАНЫС-ОРТАЛЫҒЫ

Ақтауда 109 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды. Мұнда тәулік бойы тұрғындардан қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өтінімдер қабылданады. Бұл аулалар мен үйлерді абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру, қоқыс шығару, сумен жабдықтау, энергиямен жабдықтау, кәріз, жылу, газбен жабдықтау, лифтілер, пәтер иелерінің кооперативі және қалалық жол инфрақұрылымына қатысты.