Қостанайда студенттер үйі ашылды

Спортзалы асханасы, моншасы ,кітапхана, кір жуатын орыны бар су жаңа жихаздармен жабдықталған ғимаратты соңғы үлгідегі заманауй кешен деп айтуға болады.

22 ноя 09:00
Қостанайда студенттер үйі ашылды Фото: МТРК «МИР»

Қостанайда студенттердің жағдайы жақсарады. Тәлімгерлерге екі жүз алты орындық жатақхана салтанатты түрде ашылды. Спортзалы асханасы, моншасы ,кітапхана, кір жуатын орыны бар су жаңа жихаздармен жабдықталған ғимаратты соңғы үлгідегі заманауй кешен деп айтуға болады.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі

Жатақханалардағы орын тапышылығы еліміздегі барлық өңірлерде соның ішінде Қостанайға да өте өзекті болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен арнайы бағдарлама қабылданып елімізде жүзеге асырылады. Білім министрлігі, қаржы орталығы арқылы жеке инвесторлар субсидия алады. Егер жаңа жатақхана салынса инвесторға сол жатақханада тұратын студентке 122 мың бір айлық есептік көрсеткіш қаржы төленеді.

Инвестор иесіз екі қабатты ғимаратты қалпына келтіріп, тағы екі қабатты қосып салған. Жатақхана бөлмелері барлық заманауи стандарттарға сәйкес келеді. Бір қабатта қыздар, екінші қабатта ұлдар тұрады. Қызметкерлерге арналған бөлмелері де бар. Сонымен қатар 15 адамға жұмыс орны ашылған.

Әсел Таңжарық, құрылыс компаниясының директоры

Қазіргі таңда ЖОО ның шәкіртерінің баспана тапшылығына орай біздің серіктестігіміз екі этажды ғимаратты сатып алып, оның үстіне екі қабат қосып студенттер үйін салатын болдық. Бұл студентер үйі 32 бөлмеден 206 орындық. Бөлемелердің ішінде 4,6,8 бөлмелер бар.

Білім берудің инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы аясында облыстағы екі ірі жоғары оқу орнымен және колледждермен меморандумға қол қойылды.Жайлы жатақханаға кез келген студенттің тұруына болады.Ғимаратты сатып алып жөндеуге 450 милион тенге бөлінді. Студенттік үй тәлімгерлерге ыңғайлы жерде орналасқан.Жатақхана аумағы күзетіледі сондықтан студенттердің ата аналары балалары үшін уайымдамайды.



ДРУГИЕ НОВОСТИ ОБЩЕСТВА