ЖОЛДАРЫҢЫЗ БОЛСЫН!

МАҢҒЫСТАУДА ҮШ МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ АВТОЖОЛ ЖАҢАРТЫЛДЫ

01 дек 10:22
ЖОЛДАРЫҢЫЗ БОЛСЫН!

Осыдан жиырма жыл бұрын Маңғышлақ түбегі әлемнің қалған бөліктерінен іс жүзінде ажыратылған болатын – Республикалық маңызы бар Ақтау-Атырау автомобиль жолы осындай жағдайда болды, тіпті тәжірибелі жүк тасушылар да мұнда барудан бас тартты. Ол жол осыдан 7 жыл бұрын жөнделіп, нәтижесінде Маңғыстауға тауарлар ағылып, автокөліктермен саяхаттайтын  туристер ағыны көбейді.  90 - шы жылдары Маңғыстау облысының автожолдарының ұзындығы 1 778 шақырымды құраса, тәуелсіздік жылдары өңірде мың шақырымнан астам жол салынып, тағы 2 мыңға жуығы жөнделді.