Жаңа көлемдер
Маңғыстауда минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытты жаңғырту аяқталуда
Маңғыстау өңіріндегі ең ірі кәсіпорындардың бірі – "ҚазАзот"АҚ-да жаңғырту жұмыстары іс жүзінде аяқталды. Минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт 1969 жылы ашылған. КСРО ыдырағаннан кейін өндіріс құлдырап қалды. Есесіне, 2010 жылы инвестор табылып, зауытты қалпына келтіруге шамамен 100 миллион доллар қаржы жұмсалды. Жаңғыртудың алғашқы кезеңі сол кезде аяқталды. Екінші кезеңде компания газ кен орнын өз меншігіне алып, электр энергиясын өндіру үшін көгілдір отынды қолдана бастады. Қазіргі уақытта жаңа цехтағы жұмыс аяқталуға жақын, бұл кәсіпорынға үлкен қуатқа шығуға мүмкіндік береді. Егер бұрын негізгі өндіріс толығымен Маңғыстау энергокомбинатын электрмен жабдықтауға байланысты болса, 2017 жылдан бастап зауытта өз электр энергиясын өндіре бастады. Қуаты 38,9 МВт газ- поршеньді электр станциясы зауытты 70 пайызға қамтамасыз етеді.